22 Тамыз, 2015

«Мектепке жол» акциясы: Оқушыларға әлеуметтік  көмек көрсетілді

665 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
    IMG_9442 Облыс орталығындағы «Жас­тар» саябағында «Мектепке жол» акциясы өтті. Өскемен қа­ла­сы әкімдігі мен білім бөлі­мі ұйымдастырған акцияға ба­лалардың шығармашылық үйі мен өнер мектебі және шығармашылық ұжымдары, отбасы мен балаларды қолдау орталығы және мемлекеттік құрылымдар өкілдері қатысты. Акция аясында оқушылар мен ата-аналарға арналған мерекелік концерт, мультфильм­дер мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойын алаңы ұйым­дастырылды. Қала әкімдігі әлеуметтік жағынан аз қам­тыл­ған отбасылардың балаларына мектеп құралдары са­лын­ған 42 портфель сыйлады. «Бала­лардың досы» қалалық қозғалысы шеңберінде балаларға көмек көр­сеткен демеушілерге құрмет көр­сетілді. Өскемен қаласы білім бөлімі­­нің хабарлауынша, тамыз айының басында басталған «Мектепке жол» республикалық акциясының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде әлеуметтік жағы­нан қор­­ғалатын отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Жалпыға мін­­­­детті оқу қорының қаржысы есебінен қаладағы әлеуметтік тұрғыда қорғалатын отбасылардың 3937 баласына, оның ішінде әлеу­мет­­тік жағынан аз қамтылған отбасылардың 3937 баласына, 493 қамқорлыққа алынған, 52 мүм­кіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетілді. 23 тамызға дейін мектеп, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті және азаматтардың күш-жігерімен балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетуге арналған 14 пункт жұмыс істеді. 1 қыркүйектен бас­тап «Мектепке жол» акциясының екінші кезеңі басталады. Аталған кезеңде білім бөлі­мі мен қалалық ішкі істер басқар­ма­­сының қызметкерлері мектеп та­балдырығын аттаған оқушы­лармен кешенді жұмыс жүргізбек. Себебі, жыл басынан бері жеті ай­­дың ішінде Шығыс өңірінде балалардың қатысуымен 188 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан 5 бала көз жұмып, 214 бала жарақаттанды. Кәмелетке толмаған 219 баланың ішінде 27 бала өз кінәлерінен зардап шеккен екен. Жаңа оқу жылының қар­са­ңында балалардың жол-көлік оқиғасында жарақаттануының алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың жол үстіндегі қауіпсіздігіне ере­­сек­­тердің назарын аудару мақ­сатында 20 тамыз – 10 қыр­күйек аралығында облыстық ішкі істер департаментінің әкім­ші­лік полициясы басқармасы «Абайлаңыз, балалар!» атты алдын алу іс-ша­­ра­ларын өткізуде. Шара барысында жол сақшылары жол қозғалысына қатысушыларымен апаттың алдын алу жұмыстарын жүргізіп, кездесулер, автожүрістер ұйымдастырды. Сондай-ақ, балалар мекемелері маңайында көше-жол жүйелерінің кешенді тексерулері жүргізіліп, балалар көп жиналатын орын­дарға ерекше назар аударылды, жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша ата-аналар жиналыстары, семинарлар өткізілді. Арнайы сабақтарды жүргізу үшін білім беру органдарына әдістемелік және тәжірибе­лік көмек көрсетіліп, жасөспірім жүр­гіншілер тарапынан жасалатын жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу жұмысына, жол қауіпсіздігі шараларына ерікті көмекші-жасақтар қатыстырылды. «Абайлаңыз, балалар!» алдын алу іс-шарасының тиімділігін арттыру мақсатында әкімшілік полиция басқармасына «Нұр Отан» пар­тиясы, Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «Қы­зыл Жарты Ай» ұйымы қолдау көр­сетіп келеді. – Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты мәселелер әрқашан ішкі істер департаментінің бақы­ла­уын­­да. Әрбір орын алған оқиға­­­ларға, әсіресе, балаларды және жолаушыларды тасымал­дау­­­­мен айналысатын көлік құ­рал­дарының жүргізушілерімен бол­ған оқиғаларға қызметтік тексерулер жүргізіледі. Апаттың дең­­­гейін төмендету – біздің бас­­ты міндетіміз, – дейді об­­лыс­­тық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Жан­болат Бақыжанов. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.